Өлең, жыр, ақындар

Анама

  • admin
  • 14.02.2024
  • 0
  • 15
  • 16485
Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде,
Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп, аз сөйлеп, аз күлдің.
Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған
екенімді, ойламастан, тез білдің.
«Жаным – дедің,– қарашығым, құлыным»,
Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!»
Қаз-қаз тұрсам, езу тартсам, құласам,
Я жыласам – бәрі жақты қылығым.
Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл,
Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,
Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,
Жан балаңа ақ батаңды бере гөр!..



Пікірлер (15)

Ғани

Мағжан Жұмабаев мықты ақын!

Айсәуле

Керемет

Арайлым

Керемет өлең

Керемет

Мағжан Жұмабаев мықты ақын! Керемет өлең

Мансур

Кушты

Айзере

Пах шіркін не деген өлең жылатып жібердіғой

Раяна

Оте әсерлі тіпті жылап қалдым оқып отырып

Раяна

Жылатып жіберді

Махмад

Өте күшті тез жатап алдым! ????????

Гүлфайруз

Өте керемет өлең

Інжу

Күшті ма білмейм да еее

Дидар

Тема өлең қатты ұнады

Еркежан

Осындай тарихи қазақ зиялыларымыздың арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз кім білсін олар болмағанда қазақ деген атамыз мүлдем болмаспа еді

Зарина

Мағжан Жұмабаевтың «Анама» өлеңі ананың мейірімі мен қамқорлығын, өмірде ең қымбат адам – ана туралы терең сезімді көркем тілмен әдемі ашып берген туынды. Бұл шығарма қазақ поэзиясында анаға деген шексіз махаббатты, жан жылуын бейнелейді және қазақ әдебиетінің рухани байлығын паш етеді.

Назерке

Күшті екен ананың қадірін білу керек

Пікір қалдырыңыз

Қазақыес

  • 1
  • 3

Күш кемiдi. Айбынды ту құлады.
Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Толық

Шолпы

  • 0
  • 0

Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сынғыр!

Толық

Қорқыт

  • 0
  • 1

Алтайға жер жүзінде тау жоқ жеткен,
Алтайға бетегедей алтын біткен.
Бейіштей алтын Алтай етегінде
Ертеде алаш елі мекен еткен.

Толық

Қарап көріңіз