Сарғайып сағынышпенен – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Сарғайып сағынышпенен» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 842
Сарғайып сағынышпенен
Дерт меңдеп, солдым мен көктей.
Өзіңмен қайырласпақ ем
Қоштастық салқын бірбеткей,
Әзіл деп, жорта сенбедің,
Көз жасым көріп, күлдің сен.
Сезілмек елжірегенің
Сәл аяушылық білдірсең.
Қысастық еткен неткенің?
Аңдаусыз мақтап өзгені
Шалыс та басқан кездері
Бас игем саған кеп, тегі.
Тек сенің көніп еркіңе
Желбастар қоршап жүрсе де;
Мастансаң-дағы көркіңе –
Айнып па ем, әсте, бір сенен?
Жанарыңдағы жалынды
Жұрт көрмесе деп тілеуші ем.
Қуғынын көрген тәңірдің
Мен үшін өзің - пейіш ең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері