Сонет – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Сонет» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 737
Өшкен үміт көңіліме қайғы сап,
Көлбеңдейді өткен жылдар елесі,
Бұлтты түнде көкті кезген ай құсап
Толықсисың, көз алдыма келесің.
Пәк жанарың, шат күлкіңді аңсаумен
Ғұмыр кешкен мен бір ғаріп бишара.
Мен табынып, зарыққанмен, жан сәулем,
Сүймеген соң - жігерім құм, не шара.
Мен үздігіп, бір өзіңе талпынған
Кезімде де сол самарқау қалпыңнан
Айнымайсың ешбір елең қылмастан;
Жағадағы жартас еш тіл қатпайтын
Тыпыршыса мың сан толқын тынбастан
Көңіл бөлмес һәм бетінен қақпайтын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері