Фаризаға хат – Ботагөз Баймұқанқызы

Бұл бетте «Фаризаға хат» атты Ботагөз Баймұқанқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Ақ Жайықтың бұйырды да тұз-дәмі,
Өр көңілім тұңғыш сертін бұзбады.
Мені көрсе сызылғанмен жігіті,
Көйлегімді ауырлайды қыздары.
Апа, саған жеткізем деп сырымды,
Қоңсы қонсам, ауырлама мұнымды.
Қуанар ем, жұбанар ем жадырап,
Бір теріге алар болсаң жырымды.
Тұғырыма тұғыр қосқан күндердің,
Қадірін де ұғып бүгін үлгердім.
Тозбас тон бар, топшым-темір қанатты,
Қалай ғана сабырымнан сыр бердім.
Сары даламның сағымына тербеліп,
Жырмен, нұрмен жүрсек – тағы емделіп…
Соғып кетіп тұрады екен адамға,
Тірлігінде ұмыттырмай пенделік.
Сендей, мендей жылады ма бар ғашық,
Кірпігіңде қылаулайды арда шық…
Сырлы сәттер жүректерде алмасып,
Кетсе болды рухымыз жалғасып.
Кеш, апа.

Орал. 2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фаризаға хат өлеңінің авторы кім?

Ботагөз Баймұқанқызы — осы өлеңнің авторы.

Фаризаға хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фаризаға хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ботагөз Баймұқанқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фаризаға хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар