Айбүбі немереме – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Айбүбі немереме» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1451
Бұл Атаң, өскен адам Түз көшінде,
Еліне бақ пен дәулет іздесін тек.
Көтерем Көкке сені,
Жан-Дүниеңе
Жалғанның көлеңкесі түспесін деп.

Пейіштің аспанындай ашық-тұнық,
құдай-ау, бұл неғылған ғашық қылық:
алыстан аңсаймын да мен өзіңді,
сағынам, бауырыма басып тұрып!

Ажалдан қорқып-үрку, сірә, қате-ай,
Күн анау жайнап тұрған, мына бәт Ай!..
Төбеңнен иіскей қалсам,
қош нұрыңнан
Ақылым түшкіреді!.. рақаты-ай!..

Құлыным, Жаным - арша, тәнім - борша
болармын - сен өмірді танығанша.
Не керек, айтшы маған,
жарып алып
берейін, жүрегімнің дәні болса!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айбүбі немереме өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Айбүбі немереме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айбүбі немереме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айбүбі немереме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері