Қай жақта жатыр соқпақты жолдар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 902
Қай жақта жатыр соқпақты жолдар
Аспанда ойнар жасындар бар ма?
Жеңемін бәрін қайратым мол да,
Тек өзің, жаным, қасымнан қалма.
Мұқиттар бар ма тасқыны асқақ,
Өтемін кесіп,
Самғасам болды
Жапанға жалғыз өзімді тастап,
Шегініп кейін қалмасаң болды.
Ормандар бар ма, омыраулап жапқан
Қиялдап жолды бөгемек болып
Сен болсаң, болды
Жұлдыздай аққан
Өтемін отты самолет болып.
Сахара бар ма тандыры кепкен,
Қорқыныш па ол да қанатқа ерен.
Шөлдетпей сені көтеріп көкпен,
Қолтықтап ұшып заматта келем.
Шықпайды алдан шыңдар да жасқап,
Шарықтап шықан биік пе менен.
Бір осал жерім
Сен кетсең тастап,
Тек сонда ғана күйіктен өлем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қай жақта жатыр соқпақты жолдар өлеңінің авторы кім?

Қази Данабев — осы өлеңнің авторы.

Қай жақта жатыр соқпақты жолдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қай жақта жатыр соқпақты жолдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қази Данабев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қай жақта жатыр соқпақты жолдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері