Түн

Бұл бетте «Түн» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3528
Түн.
Мен ғана ояу, сергекпін,
Ойлар мені мазалайды тербеп тым.
Түсінем ғой заңдарын бұл өмірдің,
Жатқан жоқпын мен ішінде жөргектің.
Түн.
Көше бойлап өтеді жұрт тынбаған,
Күзетшімін, түн тынысын тыңдаған.
Сырға толып ақ қайыңдар саясы,
Беу, қос жүрек бір кеудеде тулаған.
Түн.
Ақын отыр өлең жолын жаттаған,
Қасірет құшып, жалын құшып жатты адам.
Елегізем, кезіп кеткім келеді,
Жас болып па, түн қасіреті батпаған.
Түн.
Тынбайды оттар зулап өтіп ағылған,
Кейбір есік, сарт ете қап жабылған.
Кейбір есік, тымық түнде қағылған,
Ұйқы сергек, ауыр едің неғылған...
Түн.
Өртеп кеудемде аунайсың,
Қара көз жігіттен аумайсың.
Мен қаншама берілмейін десем де,
Сен жауынгер батырдайын жаулайсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері