Өңімде ойлап, түсімде көрем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өңімде ойлап, түсімде көрем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Өңімде ойлап, түсімде көрем,
Еңсемді басып қорғасындай жыр.
Өзіңе деген ішімді өртеген,
Өмір ме екен, шөл басылмай жүр.
Жүректің кілті қамалды ашты,
Мейлің, зерттеп, мәңгі сына.
Махаббатым сен, алғашқы,
Боларсың мүмкін, соңғысы да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері