Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым! – Еркінбек Алтынбек

Бұл бетте «Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым!» атты Еркінбек Алтынбек жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тоғыз айым таусылып жыл жеткен бе?
Амалсыздан қоштасып бұл көктемде.
Ұшып барам ұяңнан алтын мектеп,
Нағыз ақын өлеңсіз құр кеткен бе?

Жігіт болып жас алдым көздеріме,
Бәлкім сенер, бәлкім сенбес сөздеріме.
Он бір жылым бір күндей өте шықты,
Ашып, жұмып үлгергермеді көздерімде.

Сене алмаймын...
Сонда бәрі осымен біткеніме ?
Он бір жылым зулап шіркін өткеніме?
Әріп жазған қалам алып алғашқы рет.
Сол қолдармен,
Өлең арнап жазып тұрмын,
Соңғы рет мектебіме.

Мектебім-ау,
Есіңдеме естеліктер тот болған?
Тәтті естелік,қышқыл сезім, тәтті арман...
Ойлам тұрсам еске алып сол бір күнді,
Әрбір уақыт естен кетпес сәт болған.

Бірге өткізген оралмас балалықты,
Бірге істеген түзелмес шалалықты.
Естен кетпес небір сезім естеліктер,
Мектеп қабырғасында жаралыпты.

Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым,
Ұшып қайта келмеймін, күтіп бекер жол тоспағын,
Қолданармын өзің берген тәрбие мен білімді,
Елемеспін құлағанда, бұл тағдырдың оспағын!

Тоғыз айым таусылып жыл жеткен бе?
Амалсыздан қоштасып бұл көктемде.
Он бір жылым бір күндей өте шықты,
Зымырандай зымырап бұлт кеткенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым! өлеңінің авторы кім?

Еркінбек Алтынбек — осы өлеңнің авторы.

Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қош бол мектеп, қош сынып, қош достарым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар