Сағындым сені – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Сағындым сені» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сағындым сені, жалғызым менің – жан анам,
Жаутаңдап ылғи жолыма күнде қараған.
Жадымда қазір өзіңнің қоңыр дауысың,
Қолыңды бұлғап, шақырып тұрған даладан.
Сағындым сені, сағындым қоңыр даусыңды,
сені сағындым.

Қайырмасы:
Ардағым – анам,
Асқар тау – панам,
Алдымнан аңқылдап шығатын,
Құшағын жайып кеп тұратын,
Сағындым сені, сағындым сені,
Аяулым, сені сағындым.

Әніңді маған, жаныңды маған арнадың,
Мен үшін талай тауды да тасты шарладың,
Арқалап жүріп, қалқалап жүріп таулардан,
Өткіздің мені, жеткіздің мені, ардағым.
Сағындым сені, сағындым сол бір кездердің бәрін
сағындым.

Қайырмасы:

Сағындым сені, толқиды теңіз кеудемде,
Таңдарда тұрып, қараймын көкшіл белдерге.
Ақша бұлттарға оранып, тұрған ақ бас шың
Сен болып маған көрінеді, анам, кей-кейде.
Сағындым сені, сағындым сенің даусыңды, сені
сағындым.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым сені өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Сағындым сені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым сені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым сені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері