Анама хат – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Анама хат» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көз алдымда суретің тұр, жан анам,
Жалғызыңа сағынышпен қараған.
Көптен бері қайтпай жүрген қаладан.

Қайырмасы:
Апатай, қасыңдамын күнде сенің,
Өзіңмен күндіз-түні тілдесемін.
Өзіңсің аспаным да, асқарым да,
Өмірде сенсіз қалай күн кешемін.
Қалай мен күн кешемін?!
Көлеңке жоқ көңілде де,
Гүлге толы жан-жағым.
Түсімде де, өңімде де
Сені ойлаймын, ардағым.

Жан-күйіңді көрем сенің көзіңнен,
Соның өзі маған қымбат сөзіңнен.
Үнсіз ғана тілдесемін өзіңмен.

Қайырмасы:

Апатайым, алаңдама балаңа,
Балаңды іздеп жаутаңдама далаға.
Мәңгі сені ұмытпаймын, жан ана.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері