Өлең, жыр, ақындар

Адамның ең жақсысы

  • 01.12.2015
  • 0
  • 3
  • 16800
Адамның ең жақсысы
Үш нәрсеге шоқынар,
Мақтаны, асы нәпсісі -
Шоқынғаны осылар.
Асты билер жас болса,
Мақтанар, баққа мас болса.
Аулақта арам ас болса,
Асаудан деме шошынар.
Сайтанмен ойнас жүрегі,
Пайда мен мақтан - тілегі,
Арамға батса білегі,
Жақсыға қайтіп қосылар.
Тамақ үшін тіл жалдап,
Арын сатып елді алдап,
Сауысқанша қылмаңдап,
Әр үйден б... шоқынар.
Бірін-бірі дос десер,
Жауымның алдын төс десер.
Дос қолымен от көсер,
Өзі ап-аман отырар.
Мен де артыңнан барам деп,
Өлтірсе, құныңды алам деп,
Құтылмас менен, бәлем, деп,
Аузымен қоқан-лоқылар.
Тілінде бал, ішінде у,
Көз байлағыш көп жаду.
Жақсы атанып өңкей қу,
Алдап алған досы бар.
Арақты судай сіміріп,
Тілі мен уын жымырып,
Маскүнем мәңгі боп жүріп,
Жауырын жаба тоқынар.
Жүрегі қатып мұз болған,
Майда тілі біз болған.
Қызтеке еді қыз болған
Бейне алдамшы сопылар.
Бар ма маған бір сын деп,
Ұстағаным не дін дегі,
Ойламайды кіммен деп,
Жүрегінде тоты бар.
Қанша жарық нұр құйсам,
Хақиқаттан сыр құйсам,
Өршеленер су құйсам,
Нәпсі деген оты бар.
Күндеп іші қайнайды,
Қызыл тілін қайранды.
Әлі-ақ өзі жайрайды,
Алдында әділ соты бар.
Ашуланып албастың,
Күндемей мені қалмассың,
Тілімді кесіп алмассың,
Ақты айтуға еркі бар.
Алдауыңа сенбейін,
Алысып сені жеңбейін.
Ащы тілмен емдейін,
Жүрегіңнің дерті бар.
Адамды жауға бермеуге,
Жетсе қолды сермеуге,
Қызтекені емдеуге,
Ақылдың қылған серті бар.
Айырам деп жендеттен,
Тазартам деп індеттен,
Құтылам деп міндеттен,
Иманымның беркі бар.
Мен жатырмын оңаша,
Жастанғаным томаша.
Жан шыдамас мұныма,
Жалғыз Әупіш болмаса.



Пікірлер (3)

Аруна

Әр үйден б... шоқынар?
Б деп нені айтамыз?

Автор мал

Ишак қарабет автор
адамның ең жақсысы емес
Қазақтың ең жақсысы деп жазылған аригиналында неге өзгертесіңдер
осы сендер сияқты меңіреулерғой Құранды да өзгертетін

Алина

Автор мал дегенге: Құранды өзгертетін… дегеніңе қарағанда діндарсың ау, осы діндарлардың неге тілі жаман? Жалмауыздар сияқты ишак, қарабет деп, ұстаздарың солай сөйлеңдер деп үйретеді ма? Әлде тума сондай жарымсыңдан ма?

Пікір қалдырыңыз

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

  • 1
  • 6

Бұл ән
бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған
ұйқасты өлең, сөз керек

Толық

Дүние мен өмір

  • 1
  • 13

Бiлiмдiлер насихат көп жазады,
Адам үшiн уайым жеп жазады.
Байқап оқып отырсам, cоның бәрi
Дүниенi «сұм», «алдамшы» деп жазады.

Толық

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар

  • 0
  • 0

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар,
Кейінгі жастар оқып ортаға алар.
Бірі - жөн, бірі - теріс айтыпты деп,
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Толық

Қарап көріңіз