Арал аңызы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Арал аңызы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көк теңіз теңселеді, толғанады,
Толқындар жарға соғып долданады.
Алқынып, алабұртып асау Арал,
Алардай құшағына кең даланы.

Кең дала мұңдасы да, сырласы да
Өзінің жарасатын тұлғасына.
Аралдай айдынға да пана керек
Жарқырап жату үшін күн қасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері