Өлең, жыр, ақындар

Тәтті сөзден, қайсы менің ұтқаным

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 501
Тәтті сөзден, қайсы менің ұтқаным,
Айрық жолда қалдым, қаңғып, бітті әлім.
Әппақ нанды шайнап салып аузына,
Қол соқтық қой, тамашалап жұтқанын...
Біліп бәрін,
Ауырды ғой бұл жүрек,
Ауырды ғой, айнала жер, күн жүдеп.
Жат пиғылдың сойылына айналып,
Өзімізді өз қолымыз ұрды кеп.
Солай дала тері болды илесең,
(Жан дауысым шықпас, бұлай, күймесем)
Бәйтеректі ұясынан өзінің,
Құлап қалған балапандай күй кешем...
Шуағы мол, туар қашан күнім, ақ,
Діні қатты, жұмсақ болмас, тілі ұнап.
Тағдырымды көкпар етіп тартқандай,
Қанатты мен, тұмсықтылар іліп ап.
Жаным менің, жолбарыстай жаралы,
(Адамзаттың ашылды ғой араны)
Бал екен деп, ішкен уым байқамай,
Барған сайын ішімді өртеп барады...
Қыл көпірдің үстіндегі төзім сын,
Төзімменен үміт құсым көз ілсін.
Өз тіліңде сөйле балам, «өзге жұрт» –
Өзге жерде жүргендігін сезінсін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таң алдында

  • 0
  • 0

«Бәрі алдыңда» деді әжем бәрі алдымда,
Жүрек дертке, толмайды жанар мұңға.
Мен жанымды жыр жазып тазартамын,
Оқ аузында, тұрсам да дар алдында.

Толық

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы

  • 0
  • 0

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы,
Суық жан, ыстық жерді таба алмайды.
Егерде жан дүнием қара болса,
Ақ жаулық салғанмен ол ағармайды...

Толық

Жетісу толқыны

  • 0
  • 0

Жетісу, туған жерім, Иранбағым,
Бойына ұлылықтың жиған бәрін.
Дүниеде сенен асыл, Сенен артық,
«Сұлу жер бар» - десе мен иланбадым.

Толық

Қарап көріңіз