Абайға арнау – Садуақас Ақылжан

Бұл бетте «Абайға арнау» атты Садуақас Ақылжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Абай ақын қазақтың мақтанышы,
Ел сыйлаған даналардың данасы.
Өлеңдері үйретеді ғылымды,
Қара сөзі ойландырар адамды.

Мұндай ақын бар екен ғой, ғаламда.
Мұндай жырды мен айта алмай қалам ба?
Абай ақын ел таныған ақын ғой,
Бұл ақынға бас имей мен қалам ба?

Өлеңі бар ұйқастардан құралған,
Әр ұйқаста мән -мағына сыр жатқан.
Еліміздің даналығын жырлаған,
Абай ақын, бір өзіңмен мақтанам.


Пікірлер (4)

Меруерт

Оте керемет

Болысбек Нурайым

Абайга арналган арнау
Абай деген атамыз акын екен,
Байтак жерин котерген акын екен,
Абай деген атамыз акын болса.
Казактарды ойлаган акын екен.

Жангирова Диана

Өте күшті

Жангирова Диана

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері