Күз
- 0
- 3
Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Бұл бетте «Мұқағали Мақатаевқа арнау!» атты NuraiAibergenova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаратып үлгертпей-ақ жан-жағыма,
Тағы бір күздің келіп қалғаны ма?
Жылдарым дөңгеленіп өтіп жатыр,
Ұқсап қырдық жүйрік каңбағына.
Қоңыр тірлік бойыма шақтағаным,
(Алда шығар күтулі бақ-таланым).
Тез ашылған «дос» құшақ сескентеді,
Жасырмаймын мен одан сақтанамын.
Ұнады ма алғашқы қадамдарым,
Ақтілеу тіледіңдер маған бәрің.
Талабыма өздерің тай мінгізген,
Айналайын, аулымның адамдары!
Назерке
Өлең өте керемет екен
Ақмарал
өлең керемет екен..
Ақмарал
өте керемет
Тамара
өте керемет