Жыр оқыдым – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жыр оқыдым» атты Мағиза Құнапияқызы жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Сұрама қандай халде болғанымды,
Бір ысып, сездім бірде тоңғанымды.
Төмен қарап алдыңда жыр оқыдым,
Діріл басып кетіпті қолдарымды.

Дірілдеп дауысым да қаңсып барам,
Отырмын зорға шыдап жан шықпаған.
Жыр оқу басқалардың ортасында,
Емес еді бұрыннан таңсық маған.

Жырымның назар салып желісіне,
Тыңдарман келісердей келісімге.
Осыншама ырықсыз күйге түстім,
Отырған соң сол жұрттың сен ішінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері