Аңсағаным! – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Аңсағаным!» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аңсағаным!
Талай болды сырымды ашпағалы,
Асқарына арманым көтерілсе,
Шың басынан жүрсің бе тастағалы?

Аңсағаным!
Үміт оты алаулап жансадағы,
Қарса дағы күйдіріп көңілімді,
Құштарлықтың көрсетші қанша барын.

Аңсағаным!
Ақ жүзіңді аймалап таң самалы,
Жамалыңды сүйгенде күн сәулесі,
Қызғаныштан бар менде қанша амалым?

Аңсағаным!
Самсағандай гүл дархан аспаралы,
Аңқығандай көктемнен жұпар иіс,
Ақ күлтелі алма бақ ақ борады.

Аңсағаным!
Сағыныштан есімді ақтарамын,
Ақ парағын күндердің жайып тастап,
Қалам дейтін досыма мұң шағамын.

Аңсағаным!
Қарсы алармын өзііңсіз қаншама күн?
Түнмен араз болдым ғой ұйқы қашып,
Ғашық етіп жауапсыз қинадың ау!
Қиналдымау сүйіктім - Аңсағаным!
Ержан Қабышұлы / Bura-Naiman


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар