Алма кезек – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Алма кезек» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Жүрегіңді нәзік сезім тербеген,
Шақтарында түсінгім де келмеген.
Салқын сөзбен қайырғанмын артыңа,
Құлашыңды біздің жаққа сермеген.

Сыр сәулесі жанарыңнан тарамай,
Күрсініп ең маңайыңа қарамай.
Қарап тұрдым түк сезбеген сәбидей,
Жалғыз ауыз жұбатуға жарамай.

Сені ұмыттым, айларым да тез өтті,
Бір жалын кеп шарпып жатыр өзекті.
Сен кезіктің салқын ғана қоштастың,
Ал мен алдым сағынатын кезекті!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері