Өлең, жыр, ақындар

Ер есімдері

Бұл өлең алаш кайраткерлері, бүгінгі қазақ зиялылары жәйлі. 


Қарағанда тарихыңды білмегенге, 
Жүректерің ұқсайды кірлегенге. 
Қалам тербеп қысқаша тоқталайын, 
Жауап беріп оларды "кім" дегенге... 

Елім деген алаштың арыстары, 
Саналы ұрпақтарға таныс бәрі. 
Себебі елі үшін еңбек еткен, 
Атақ-даңқ қуып олар жарыспады. 

Ұлты үшін ізденген кірпік қақпай, 
Олардың еңбектерін білдік қандай?! 
Дымды білмей ерігіп босқа жүрген, 
Кейбір жастар етпеңдер иттік ондай.. 

Қайнатқан өлең-жырды қазанында, 
Махамбеттей батыр бар қазағымда. 
Халық үшін ханға қарсы сөздерін, 
Жебе етіп іліп атты садағына. 

Бал өмірін құрбан еткен еліне, 
Парызыңғой оны білу сенің де. 
Әлихандай ұлы көсем,өр тұлға 
Бұл күндері бар ма елім есіңде?! 

Өсиет қып біздерге жазған хатын, 
Еліне арнап еді махаббатын. 
Құдай берді Шәкәрімді қазағыма, 
Өлең-жыры мәңгілік сақталатын! 

Үмітпенен жастарға сенім артқан, 
Тауқыметін тағдырдың "ел" деп тартқан. 
Жолбарыстай қайратты жырлары бар 
Жанашыры халқымның бірі Мағжан. 

Он үшінде қамалып ой түсірген, 
Ахметтің жырларын кім түсінген? 
Қалың елін ояту мақсатында, 
Жүрегі оның жүз сыздап, мың күрсінген. 

Алдарында күтсе де азап қаптаған, 
Міржақып та сан мақала топтаған. 
Мұқағали, Абай жәйлі жазғанда 
Олар жәйлі сөз қозғамау сын маған. 

Бұл өмірдің ерте татып мұң дәмін, 
Қазағым деп арнап жазды жырларын. 
Сұлтанмахмұт, Бейінбет пен Жүсіпбек 
Өмірлерін елге арнаған бір "жалын". 

Дамуына атсалысқан, талпынған 
Жазған әрбір сөзі қымбат алтыннан. 
Білесіңбе Халел дейін ұлыңды? 
"Жаным артық емес" деген халқымнан. 

Хақымыз жоқ шығаруға оны естен, 
Тәуелсіздік үшін бәрі күрескен. 
Есіңдеме желтоқсанның желіне, 
Қарамастан дүйім халық бірлескен. 

Қайраттың қайсарлығын қайсыларың, 
Әңге қосып мақтан етіп айта алдың. 
Неліктен Сәбира мен Ләззаттардың, 
Ерлігін ескермедің, байқамадың? 

Көк туды желбіреткен бабаларым
Оларға барма қане арнағаның?!
Өмірін елге арнаған кісілерді,
Білмейді кейбір қазақ балаларың.


Керең естіп, соқыр көрер бұл күні, 
Ол кісінің ақталады үміті. 
Тек санасыз, сараңдарға жетпей жүр
Шахановтың шырылдаған зор үні. 

Қазағымның мәртебесін асырған, 
Қаны қазақ, жаны қазақ асыл жан. 
Дәлелденді ол нағыз ұлт ұланы 
Нелер келіп, не өтпеген басынан. 

Бар қазаққа бола білген сүйеніш,
Нұр ағаға басымызды иеміз.
Осы күнгі отанымның жеңісін
Еңбегінің жемісі деп білеміз.

Жақсылықты көру үшін көз берген, 
Жалған мақтап, жамандаса төзбегем. 
Бар адамда болады ғой кемшілік, 
Ал өздерің басшы болсаң нетер ең?! 
Бір отбасын баға алсай жүргенде, 
Қазағыма неңді әкеліп берер ең?! 

Иманғали елдің ұлы дара шың, 
Сені мүлде ұмытпайды алашың. 
Сенде биік орындарға лайықсың, 
Әділ Алла береді ғой бағасын. 


Елге уағыз,насихат артық болмас, 
Ұлттың ұлы ешқашан да жерде қалмас. 
Бекболат, Мұхамеджан, Жүрсін барда, 
Елімнің іргесіне дау жоламас. 

Жүректерде мәңгі қалар есімдер, 
Осыларға қарап сендер өсіңдер. 
Оқығандар қор болмайды қазағым, 
Оқымасаң қиындық көп кездесер. 
Таңға дейін жылап жазған өлеңім, 
Алла барда бар қазаққа естілер.... 

Жазылған уақыты 12.11.17 5.00 
11-12 буын
Құдайберген Қайрат Советбекұлы



Пікірлер (19)

Қазыбаева Гүльназ

Керемет сөз жоқ. Биік белестерді бағындыруыңа тілектеспін))

Бекжан Саханов

Жарайсың

Халихова

Кушты✌✌

Бекжан Саханов

Жарайсың Қайрат тек алға

Гүлнұр

Керемет Қайрат аға өнеріңіз өрге жүзсін ✋✋

KayratKudaybergensovetbekuly

Әмин рахмет баршаңызға ізгі тілектеріңізге...сіздерге де тек қана жақсылық тілеймін 

альфия

Жарайсын Кайрат тек алга

Жолдыбек

Базар жок ,БАУЫРЫМ ОНЕРЫН УСТЕМ БОЛСЫН!!!

Жанаргуль Калиева

Кайрат, керемет! Онериниз орге жузсин! Тек бииктерден корине бериниз!

kalisa

Универдің журналистика мамандығының 1 курс студенті Қайрат! Қаламың  ұштала бергей,  биіктерден көрініп, әлі де керемет, керемет өлеңдер туғызғай! Супер, тек алға! 

София С.

KayratKudaybergensovetbekuly

Рахмет баршаңызға ізгі ниеттеріңіз аппақ тілектеріңіз үшін... Алланың назарында болыңыздар! әмин!...

Улан

Керемет

LK

Керемет!!! Бағындырар белестерин көп болсын!!!

ГУЛЬМИРА ХАМИДУЛИЕВНА.

ҚАЙРАТ ӨНЕРІҢ ДЕ ҚАЙРАТТЫ БОЛСЫН!!!
ҚАЙРАТТАЙ ІНІМІЗ АҚЫНЫМЫЗ ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДА КӨБИЕ БЕРСІН!!!

Ерғали

Керемет

KayratKudaybergensovetbekuly

Рахмет баршаңызға ізгі ниеттеріңіз үшін рахмет 

Маңдайлы Акмурзина

Кайрат балам сенин әрбір жазған өлеңдерінің және оз даусың мен оқып жүрекке жеткізуіле тəнтімін!!!Сендей ұлдан айналдым!!!

Анаргул

Керемет! Саттилик тилеймиз! Бииктерден корейик.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз