Арғымаққа мініп көр – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Арғымаққа мініп көр» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Арғымаққа мініп көр,
Басылмаса аптығың.
Маңдайыңнан суық тер
Тамшыласа – жақсы ырым.
Боларсың сен, бауырым,
Құйынменен барабар.
Жазылмаса бауырың,
Жазылтатын дала бар.

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері