Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың әнұраны – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың әнұраны» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Биікке шақырасың асқаралы,
Талпынса туған елдің жас талабы.
Киелі босағаңнан ҚазМҰУ сенің,
Ғажайып өмір жолы басталады.

Қайырмасы:

Түлеп ұшқан жастардың,
Қимас қара шаңырағы.
Сенсің армандастардың,
Бірге шырқар әнұраны.

Аямай қазынаңды өрендерден,
Тересің інжу-маржан тереңдерден.
Мәңгіге қалған мұра көзіндейсің,
Бабамыз Әл-Фараби кемеңгерден.

Қайырмасы

Өзіңсің болашақтың кең арнасы,
Ғажайып ғасырлардың замандасы.
Зеректің зердесіне сәуле құйған,
Білімнің асқақтай бер Ақ Ордасы.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері