Сын сағатта жалт беретін жалғандық – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сын сағатта жалт беретін жалғандық» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 705
Сын сағатта жалт беретін жалғандық,
Біле тұра ... қанша соған алдандық.
Қалпағымды «алшы киген» тұстарда,
Кісіліктің бетін кеттік дал-дал ғып.
Мұртым аздап несібеңе майланса,
Менсінбедік жабағы мен тайды онша.
Ертең күні ат боларын ойламай
Шайналады бармақ шіркін шайналса.
Ұстап қалсам пенделіктің мансабын,
Өз буыма өзім пістім қанша күн.
Ақша шаштым бей-берекет әспенсіп,
Ықыласын аламын деп ханшаның.
Күйіп-жанып неше мәрте қапылдым,
Жоқ екенін біле тұра қақымның.
Жалғандықтың ұстаймын деп жалынан,
Ақиқаттың арқанына шатылдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері