Үрейді алып, мысты басып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Үрейді алып, мысты басып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Үрейді алып, мысты басып,
Қарашықты шел қаптады.
Мына күннің ыстығы асып,
Ми қайнатты шөлде аптабы.
Сексеуілдер ыңырсыды,
Шағыл төбе жылап тағы.
Таусылмайды ғұмыр сыны,
Суды сарқты бұлақтағы.
Құдай көзі сөнді, семді,
Бұрыннан да соқыр-тұғын.
Күту бекер енді «селді»,
Таппай жүрек отыр тыным.
... Мүлде қайтып ұшпағаның,
Болар еді Айға ләзім.
... Жұтпасыншы Үштағаның,
Қайда менің жайнамазым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері