Сен менің аққу қазым қалықтаған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сен менің аққу қазым қалықтаған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Сен менің аққу қазым қалықтаған,
Сәбидей күлімдейсің шалықтаған.
Көзіңе көзім түссе оқыстан бір,
Күй кешем алашабыр жан ұқпаған.
Жүректі от шарпиды лапылдаған,
Жаһұттай көрінеді затың маған.
Бір тәмсіл тіл ұшына оралады,
Мылтықтай оқ салынып, атылмаған.
Алаңдап оянамын ертеңгілік,
Алдымнан шығатындай еркем күліп.
Нұрыңа бөлейсің ғой бар алапты,
Жаныңның жібегінен желкен құрып.
Қалайша құнықтырдың қылығыңа?
Батамын қалың ойдың жылымына.
Біздерді жарақаттап жүрмес пе екен?
Сырт көздің сумаңдаған сұғы мына ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері