Талып кетті қанатым – Құралай Омар

Бұл бетте «Талып кетті қанатым» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 839
Талып кетті қанатым.
Төзім кеміп, түгесілді тағатым.
Шыр айналып аппақ дәке іздедім,
Жүрегімнің жарақатын таңатын.
Таба алмадым.
Білмейді екен күз емді.
Күдерімді күтір-күтір үзем-ді.
Жанарымен жанымды емдер тәуібім,
Оралмайсыз сіз енді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері