Өлең, жыр, ақындар

Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Еңкіш тартқан, ал самайы саркідір,
Қияңқылау қариямыз бар-ды бір.
Салдырлаған дашай арба көлігі,
Аты ерғашты болып біткен, шал – қыңыр.
Таусылмайды шаруасы қасқаның,
Өз жұмысы – бұйымтайы басқаның.
Ит өлген жер бұйым емес ол үшін,
Астында ғой ат-арбасы:
қас қағым ...
Былайғы елдің қаққан емес қолдарын,
Тындырады тиянадай ол бәрін.
Сүрлеуінде жатқаны анық созылып,
Сор батпақпен араласып сор қалың.
Азаптансын, дәметпейді дәнеңе,
Айта қалсаң – ұрынғаның бәлеге.
Қиқарлығы осы еді ғой қартыңның,
Қуанады жарап жатса кәдеңе.
Бас ұрмайды мансабына басшының,
Берген емес ешкімге де бас жібін.
Ұмытпаған қарапайымдылықты,
Сол – шал үшін бұ жалғанда басты ұғым.
Ұлсыз еді, кемпірі бар шүйкедей,
Көңілі – кең, жаны да – бай, күй – кедей.
Шылбыр есіп жалғыз атқа кемпірдің,
Қолы ойылды қара қылды шүйкелей.
Жытқыр уақыт шамадан тыс ақты үдеп,
Шал жүргенде бақыт тілеп, бақ тілеп,
Қалың елге.
Жәбірейіл беймезгіл,
Ақ пендесін ақыретке атты кеп.
Қалды ауылды зәузадада сор басып,
Жұрты түгел жиналыпты, жол – қашық ...
Қара шалдың ынсабы сол:
Тектілік,
Барады әне ырдуаннан зорға асып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шырылдама бекерге, шыбын жаным

  • 0
  • 0

Шырылдама бекерге, шыбын жаным,
Керегі жоқ кеудеме тығылғаның.
Сүлдерімді сүйреттің сүріндіріп,
Алып жүрген арқалап жүгің мәлім.

Толық

Қапаланып

  • 0
  • 0

Қапаланып,
Жанымды жаныштадым,
Алыстамын,
Мен сенен алыстадым.

Толық

Перідей сұлу періште пешенемдегі

  • 0
  • 1

Перідей сұлу періште пешенемдегі,
Сен тіккен отау – жұмақтай, кесел енбеді.
Еміздіктетіп сезімді ессіздендірдің,
Махаббат – шарап меймілдеп, еселенбеді.

Толық

Қарап көріңіз