Маңғыстау – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Маңғыстау» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 8276
(Келтір Шаненовке)

Маңғыстау маңғаз өлке шежірелі,
Киелі бабалалардың өзіме еді.
Ақ таулар бара қалсам құшақ жайып,
Құлыным келдіңбе-деп, көз тігеді.
Ежелгі даңқыменен бай көркімен,
Маңғыстау құдіретті жер ғой көркем,
Қастерлеп үш жүз алпыс әулиесін,
Әлемді таңдандырып желкен керген!
Аялап қиялменен жыр аспанын,
Қалайша құшағынан сыр ашпайын,
Осында Адай бабам іздерінен,
Ерліктің күйін тыңдап асқақтаймын.
Қондырған асқақ шабыт көкейіңе,
Теңіз де мұнда құмар төкпе күйге.
Адай-деп, дауыстайды ұран тастап,
Сәулесін көктен күліп төккен күн де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері