Өлең, жыр, ақындар

Төлегетай

  • admin
  • 03.09.2024
  • 0
  • 0
  • 541
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Атасы төртеуінің – Төлегетай.
Найманның тоғызының төртеуі осы,
Мекені – Жоңғар, Алтай, Тарбағатай.

Бұлыңғыр өткен өмір бұлдыраған,
Тұмандай түнереді тұнжыраған.
Қорғай жүр ұрпағыңды, Төлек ата,
Құландай әр қиырда құлдыраған!

Қайырмасы:
Қабыл болған тілегі,
Қаулап өскен түлегі,
Қалың Найман тірегі –
Төлегетай кім еді?!
Ел деп соққан жүрегі,
Ер боп туған ұл еді.
Сонау өткен қазақтың
Қамқорының бірі еді.
Арыстаны даланың,
Данышпаны бабаның,
Сүрінгенге сүйеніш,
Сиынғанға пір еді!

Қазақтың қасиетті әр атасы,
Биік тұр не шоқтығы, не жотасы.
Аттарын ауызға алсам кең даланың,
Тебіренер өзге түгіл қара тасы.

Есердің кімге керек ерегесі,
Атасын айтса қозған делебесі.
Еңселі орда болса қалың қазақ,
Керілген Найманда бір керегесі.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір құдайға белгілі

  • 0
  • 0

Залалы жоқ иненің жасуындай,
Заман қайда тауымның асуындай?
Суыртпақтап сұрасаң тарқатайын,
Жасырып ем сырымды жасырудай.

Толық

Егер

  • 0
  • 0

Бола қалса қос құлағым тас керең,
Ыммен ұғам, жасымаймын әсте мен.
Соқыр болса екі көзім көнемін,
Онда көкірек сәулесімен көремін.

Толық

Марғасқа

  • 0
  • 0

Әлемнің оймен кезіп шартарабын,
Әрқашан ауыр жүкті арқаладың.
Өшірмей Әбіш атың намыс отын,
Жұртыңды жүрегіңмен қалқаладың

Толық