Бала жыры – Гүлмарал Қорғасбаева

Бұл бетте «Бала жыры» атты Гүлмарал Қорғасбаева жазған бала туралы өлең берілген.

Күлімдеп құшақ ашқан,
Жүзінен шуақ шашқан.
Жанымда анам жүрсе,
Бақыт жоқ бұдан асқан.

Аялап балапанның,
Қосатын алақанын,
Анадай жан бар ма екен
Түсінер бала жанын?

Жол сілтеме армандарға,
Тұратын анам барда,
Бақытпен тыныстасам,
Менде өзге арман бар ма?!

Сыйлаған бар асылын,
Арманым, дара шыңым,
Анам ғой өмірдегі
Ең жақын жанашырым.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар