Ұғынбай бізді ғалам тұр – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ұғынбай бізді ғалам тұр» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Ұғынбай бізді ғалам тұр,
Екеуміз ғана адасқан.
Жайдақтық көрдік жалаң құр,
«Саясатпенен» санасқан.
Сайқалдар сорлы топылып,
Етегін түрді ермекке.
Арын да жақты оты ғып,
Шашты да күлін жер-көкке.
Алаяқ ауыз жаласқан,
Сезеді бәрін, ым-жымын.
Екеуміз ғана «адасқан»,
Шығарған тойдың құн-жынын.
Жегізді таяқ адалдық,
Әділдік алдан шалады.
Бара алмай «баққа» бадалдық –
Середек иттің балағы.
Ұқпаса қойсын айналам,
Айналам әңгі қаптаған.
Көгілдір кешке айналам,
Саябыр тапқан, батпаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері