Ата мен арқа – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ата мен арқа» атты Баянғали Әлімжанов жазған ата туралы өлең берілген.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1486
Жайылып өркен өрісте болса,
Жайқалып бағың жеміске толса,
Аталарымның арқасы шығар
Көркейіп көшің кенішке қонса.
Мен үшін олар бәрінен артық
Кей ісі, тіпті теріс те болса,
Жер беті жұмақ боп кетпес пе еді
Егер де олар періште болса!
Еңіреп өткен
Бала үшін, ел деп,
Қанын да төккен
Дала үшін, жер деп,
Аталарым десем
От болып арқам,
Кеудемді бір күш кетеді кернеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері