Өлең, жыр, ақындар

Кетіп барам

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 975
Сезім тұнық, сыр тұнық, тұнық бәрі,
Көздеріңде қалған ед тұнып нәрі.
Неше ғасыр өткенін біле алмадым,
Сен кездесіп өзімді ұмытқалы.

Мені бірақ басқалар көздейтұғын,
Махаббатқа мас болар кез дейтұғын.
Маған деген сырды олар алдыменен,
Саған айтып тұрғанын сезбейтұғын.

Қайда жүрсем назарым сенде болып,
Бірімізді біріміз емдеп едік.
Кеткендей ем ұмытып мезгілді де,
Дүниенің жатқанын дөңгеленіп.

Есімде жоқ, күлдім бе, жыладым ба,
Баттым ба екен неше рет сірә мұңға.
Қаншама күз қоштастым құстар менен,
Сенің ғана дауысың құлағымда.

Алғандайсың сен келіп көшіп маған,
Тани алмай өзімді шошып та алам.
Ойлауменен өзім боп кеткен жанды,
Мына өмірден жылыстап кетіп барам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетіп барам өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Кетіп барам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кетіп барам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетіп барам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері