Бұл бетте «Айналайын аналар» атты Баянғали Әлімжанов жазған ана туралы өлең берілген.
Ана дейміз қуанып, өрлегенде,
Пана іздейміз қиналып, шөлдегенде,
Кетер ме едік біз мүлде адамдықтан
Мейірімін ананың көрмегенде?
Айәлемнің жырәні –
Аналардың пейілі.
Көңілінің шуағы,
Көзіндегі мейірі.
Қаталдықтан дүние мұздағанда,
Ызаланып, жарыла жаздағанда,
Көз жасынан тоқталып аналардың
Ақ сүтімен жылынып, тазарғандай.
Ақ тілеуі ананың болмағанда,
Жұлдыздарға адамзат самғаған ба?
Айналайын, аналар, аман жүрші,
Бесік тербеп, әлдилеп, бар ғаламда.
Айәлемнің жырәні
Аналардың пейілі,
Көңілінің шуағы,
Көзіндегі мейірі.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі