Әйкен-ай
Бұл бетте «Әйкен-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Домбыраңды, жеңеше-ай, қолыңа алшы,
Кекеленбей, шырқатып әнге салшы.
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Қыршын жасқа қиқаңдап қарсы шығып,
Сатылғаның сондағы бір-ақ шаршы.
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
Алып келген базардан боз белбеуім,
Жаман-жақсы болса да өз белбеуім.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен аман жүрмісің көз көргенім!?
Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі