Әй, гигәй, көкем
Бұл бетте «Әй, гигәй, көкем» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тігеді шебер көйлек, ей, бойға салмай,
Айтады ақын өлең ойға салмай.
Әй, гигәй, көкем.
Өлеңді мұнда айтпаған, ей, қайда айтамыз,
Үкілеп жал-құйрығын тойға салмай.
Әй, гигәй, көкем.
Көрінбей бір күнгідей, ей, дүние өтеді.
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Әй, гигәй, көкем.
Барында оралыңның, ей, ойна да күл,
Түбіне бұл жалғанның кім жетеді.
Әй, гигәй, көкем.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі