Бір бақытты мен күтетін әкелер – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Бір бақытты мен күтетін әкелер» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Бір бақытты мен күтетін әкелер,
Болашақтан туса сондай сәт егер.
Әйтсе дағы болып жатыр қателер.
Шапағымен еркелетіп, мәпелер,
Қуанамын арайланып атса, шіркін, құба таң.
Сылқ-сылқ еткен күлкісінен танбайтын,
Сезімімді кәусарлықпен жалғайтын.
Пәктігі мен ақтығынан танбайтын,
Ішіп көрсең тіл үйірер балдай тым.
Қайнап шыққан жар астынан –
Тау бұлағын ұнатам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері