Соқыр түннің кеспірі – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Соқыр түннің кеспірі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Соқыр түннің кеспірі,
Үрейлі еді, қаймығам.
Жұлдыздың жоқ ешбірі,
Шықпай қойды Ай да – ылаң.
Бөрі ұлиды жондардан,
Жапан дала жабыққан.
Ессіздіктен оңды арман,
Леп еседі тамұқтан.
Қар борайды ышқынып,
Оппаларға малтықтым.
Танытты бір қыс «қылық»,
Күш көрсету – салты, ұқтым.
Бағытымнан жаңылдым,
Басым сордың далдасы.
Ай – жоқ: қаңғып, сабылдым –
Мұсылманның таңбасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері