Ана – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ана» атты Сағи Жиенбаев жазған ана туралы өлең берілген.

Дамылдап өзендер де,
Күн батып, күн шығады,
Мен үшін көзіңді ілмей,
Анашым, жүрсің бе әлі,
жүрсің бе әлі?!

Қайырмасы:
Дүние құлпырады,
Боялып дала нұрға.
Сонда да мен тұрамын
Өзіңнің жанарында.

Сағымға тербетіліп,
Шықтың сен қанша қырға.
Шаршады жел де тынып,
Анашым, шаршадың ба,
шаршадың ба?!

Қайырмасы:
Жайнаған балғын гүлмен,
Жан анам – жасыл бағым,
Өзіңмен жаным бірге,
Мәңгілік қасыңдамын,
қасындамын!

Қайырмасы:


Пікірлер (1)

Мөлдір

Сағи Жиенбаевтың «Ана» өлеңін іздеп оқыдым. Ана туралы жырлар көп, бірақ әр ақынның анаға деген махаббаты әртүрлі толғаумен жеткізіледі. Сағи ақынның бұл өлеңі – ананың мейіріміне, оның ақ сүтіне, ақ ниетіне деген үлкен құрмет.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері