Бұл бетте «Сөнбейтін от» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұлым менің,
Сенбісің?
Күнім менің,
Тіл қатшы маған,
Құрғатшы жасын
Анаңның, ардағым.
Қайырмасы:
Қайда, Айтшы, кең дала.
Қара Жер-ана:
Білесің бәрін,
Ананың зарын
Бір өзің ғана.
Қайда, Құлыным менің,
Құлыным менің,
Айтшы, күнім қайда?!
Таба алмадым,
Өзіңді
Бар әлемнен.
Тауды да кездім,
Тасты да кездім,
Жер бетін шарладым.
Қайырмасы:
Жоқсың ба әлде,
Сен мынау
Отсың ба әлде?
Бозала таңнан
Лапылдап жанған
Сенбісің, ардағым!?
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі