Өлең, жыр, ақындар

Еркем

  • admin
  • 03.09.2024
  • 0
  • 0
  • 377
Үлбіреген гүл едің ғой, еркем,
Көз алдымда жүр едің ғой, еркем.
Тоты құстай түледің ғой, еркем,
Қайда кеттің, жүдедім ғой, еркем.
Сол баяғы баламысың, еркем,
Баққа жалғыз барамысың, еркем.
Бір сәт ойға қаламысың, еркем
Мені есіңе аламысың, еркем.
Арманым жоқ, еркем.
Ақ жүзіңді көрсем!
Қуаныш боп келемісің, еркем,
Көктем гүлін теремісің, еркем.
Жан сырымды сеземісің, еркем,
Жаным десем сенемісің, еркем.
Әлде оралмай кеткенің бе, еркем,
Арман болып өткенің бе, еркем.
Жабырқап жас төккенімде, еркем
Жел боп ұшып жетпедің бе, еркем.
Арманым жоқ, еркем,
Ақ жүзіңді көрсем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таудағы түнгі сурет

  • 0
  • 0

Әдейі қолмен әкеп қойғандайын,
Шыңға кеп сүйей қалса ай маңдайын,
Жамырап шыға келер қарсы беттен
Ақ нұрға алақанын жайған қайың.

Толық

Бір Аллаға сыйынып

  • 0
  • 0

Мезгілінде көктем келе қоймастан,
Қыс аяғы қыбырлайды жай басқан.
Күн күркіреп, жасын ойнап кенеттен,
Кір көйлегін ақ жаңбырмен шайды аспан.

Толық

...Сен едің кеше шолжың қыз

  • 0
  • 0

...Сен едің кеше шолжың қыз,
Ащының дәмін татпаған.
Төбеңде жайнап шоқ жұлдыз,
Төсекте тыным таппаған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар