Әр кездегі әуендер
1
Уа, Астана! Келдік тағы кеңеске;
Ой-толғаныс — ортақ парыз емес пе?!
Біздің өнер шыққан сайын биікке,
Өткен жолын түсіреді ол еске.
Арғы баба мирас қылған дастаннан
Данышпандық баяғыда басталған.
Қайран өнер сол үшін-ақ сотталып,
Кісенделген, тар қапасқа тасталған.
Ақтарайық асықпай да, жылдам да:
Ұйықтап жатқан ұл жоқ па екен зынданда?..
2
Түрен болды ол жылғы автомат та,
Eндi ажал жоқ жұлдыздай аққан атқа.
Өртте жатқан бала жоқ, сол себепті
Баяғыдай түспеймін оттан отқа.
Көрсең енді көңілді түрімді ұдай,
Keгiм де жоқ ешкімде бұрынғыдай.
Зеңбіректер бұл күнде құдай емес,
Махаббатқа арналған жырым құдай.
Ceнiң де мен жалынды, өжет әнің!
Ұлы емеспін баяғы аз атаның.
Сәлем саған, сәулетті Мажарстан —
Айнымаған аяулы өз Отаным!
3
Алматым бар аяулы,
Жарқын жанымдай.
Ол өзінше бояулы
Жасыл жалындай!
Оған бұлақ-сыбаға
Ақ жал таулардан!
Жаннат қала жаралған
Бақша-баулардан.
Жанын лас, кip ме, —
Жаннатыма кірме!
4
Ғарыштан біздің әнге жол ашыла,
Жар салдық барлық адам баласына;
Ерлік пен есен-аман ән де қонды
Байқоңыр байтақ-ұлан даласына.
...Әзелден аңыраған ән даласын
Жапан десең, жалақор, сандаласың!
5
...Базар ма осы?.. Барлық шын
Сауданың несін тергелік;
Мұнайшы мұнда, балықшы
Теңізден шыққан тербеліп.
Қызының қолын уыстан
Шығармай жігіт күледі
Гүл сатқандарға жуысқан
Махаббаттың ол құлы еді
Шалқар мен шалы Жұрынның
Маңдайға салған ақ күндік;
Өзіндей жарқын жырымның
Айналам түгел ақындық.
Рас екен ғой: Ақтөбем —
Байғаниндей ақ деп ем!
6
Ананың cүтін үш ақтап,
Сырты қара, iшi аппақ
Лумумба өлді; қабірде
Қалды-ау досын құшақтап...
Домбыра, дутар, гитаршы!
Қаралы, кекті күй тартшы!
Қарғалсын өңшең қанды ауыз
Иттерден бетер итаршы!
7
Жұмысың жоқ, жұбайың бар қойныңда,
Түк бермеген дипломыңды қой мұнда!
...Саған айтам, салиқалы ата-ана,
Масылың да мақтанына жата ма?..
Мың асылға қосар болсаң бip масыл,
Бағым жанды —балам бар деп атама!
8
Құрбым-ау! Соғыстағы өліктердің
Ішіңді мен де жатып өліп көрдім.
Сен сонда тамырыма тарасын деп,
Азғантай өз қаныңды бөлiп бердің.
Kiм едің? Қай халықтың өкілі едің? —
Өлгенше соны білмей өкінемін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі