Әбурайхан әл Берунидің атына
У а, Беруни! Мың жыл бұрын өлсең де,
Өлген күнің туған күнге өлшем бе;
Туған күнгі ел атаған eciмiң
Әлі тipi, әлі күнге ол — сенде.
Тоқтаған жоқ жермен бipгe жүpiciң,
Галактика айнасында тұр iciң; —
Самал, дауыл — сарқылмайтын тынысың,
Күн мен айға қарасам да тipiciң!
Уа, Беруни, баба ғалым — зор eciм —
Ұрпақтарға ұзақ дастан — жыр eciм!
Әулетіңмен Хорезмде әлі сен
Жойқын судың жолын тосып жүресін.
Жалған айтпан сенсіз ұрпақ тұл десем,
Анық маған аян бердің түнде сен.
Сол себепті Жойқындария хақында
Өлмейтұғын өз атыңмен тiлдeceм.
Өзгелерден ойың биік озғасың,
Апат сырын артық ашқан өз басың
Жойқындария жолындағы талайдың
Қою селге қосып алған көз жасын.
Жойқындария — құла дүлей құтырған,
Зардабынан заман қашан құтылған?!
Талай шаһар, талай баһар мәуелі
Көзсіз топан көмейіне жұтылған.
Түнде Жойқын құлап сонау құз беттен,
Құшағында бала кеткен, қыз кеткен;
Мәрт жігіттің махаббатын өлтіріп,
Пәк денесін сай-саладан іздеткен.
Қуып келі тағы да бip жыл арттан,
Сол өлікті тауып алса жырақтан,
Қайран көздің қанды жасы секілді
Көкжиектен күреңіткен жылап таң...
Көздің жасы көкжиекте кепкендей...
Ақын қайтпек ызаланбай, кектенбей?!
Қалушы eдi-ay қалалардан бос орын,
Жылдар iзiн жылан жалап кеткендей!..
Сол еді ғой ceнің дертің, ғұлама!
Деуші ең бipaқ жығылмасаң жылама!
Мендік мезгіл ic қылмаса өзгеше,
Жойқындария шашын талдап жұла ма?!
Сол жұлынған жирен шаштың ақ талын
Ағыс еттік арасына мақтаның.
Жойқын жоқта: дария — дарқан жемісім,
Шамшырағым, киім, төсек мақпалым.
Құс келер шақ құтырғанда заңғарың,
Ұмытады бізде қатал заң барын:
Бөгеттерді асап-қауып,
дарияның
Жалпақ дүлей жасырады аңғарын.
Жалпақ дүлей баяғыша басталып,
Жолдағыны жұмарлайды бас салып;
Баяғыша қаңырайды
Жойқынның
Дуалдарды жұтқан жері бос қалып.
Сел құтырса көпір, көше, алаңда,
Айғайламай, аулақ жерде қалам ба?!
Биыл сондай бip ic болды, Беруни,
Eciмiңмeн ел атаған қалаңда.
Жасырам ба, Алматыдан тұра оған
Жүгіртті ғой жүрек шіркін тулаған.
Барып едім — көрінбеді көзіме
Долы топан достарымды тонаған.
Барып едім, базар қызып басылған:
Жан көрмедім тағылыққа бас ұрған!..
Жол бойынан жоғалыпты тоқал там,
Көшедегі көптен көзін жасырған.
Kәpi тұрғын есейгелі ес бiлiп,
Қоңсы қонып жүpeдi екен ecкiлiк.
Жаман үйді жамайды екен біреулер
Еркін-дарқан еңбектерін еш қылып.
Соны ғана сойқан дүлей жалмаған,
Сол кеткен соң, кеңейіпті жол маған.
Ұлым десең, маған қара енді сен,
Осы хатты өз атыңа жолдаған.
Үй орнында үйілген бip «арал-ақ»
Жатыр десем, жан-жүректі жаралап,
Берунида не ғажайып көшені
Машинамен келеді екем аралап.
Көре алмадым апат салған жарадан
Көз жанары жасаураған жан адам.
Қызыл-жасыл күмбездерін күн шалып,
Жаннат қала жаралыпты жаңадан.
Бұрын-соңда болмаған-ды бұзылғыш
Қырық мәрте кек күйдірген қызыл қыш.
Қайран ақын қан тамырын билеген
Отты жүрек осындайда қызынғыш.
Күнмен бipгe жарқырауға жасалған
Жан сарайын жаулап қашан қас алған?!
Оттан ыстық махаббаттың қорғаны
Судан суық қара тастан қашалған!..
Жұрттарымыз бip намыс пен наланы
Арқаланып, қайта салды қаланы.
Ей, Беруни, жылан жалай ала ма,
Қаңтардағы құрыш түгіл, қоланы?!
Жұрттарымыз ызаланса — сұрапыл!..
Сұрапылсыз жердегі өмip cіpә тұл!..
Ей, Беруни, ызамыздың ызғарын
Тілді, тілсіз жауларымнан сұрап біл!..
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі