Табылмай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Табылмай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 831
Табылмай жүрек дауасы,
Күн болмай құмар бір қанар,
Жанымның шалқар даласы
Жамылған шақта ұлпа қар,
Мөлтілдеп көздің шарасы,
Сезімге бөлеп сырлы өлең,
Үміттің сырғыр шанасы,
Арманның аты сүйреген.

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері