Ей, аппақ боран, ақ боран – Қази Данабев

Бұл бетте «Ей, аппақ боран, ақ боран» атты Қази Данабев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2229
Ей, аппақ боран, ақ боран,
Бопытып қарды ат маған,
Менде де сендей боран бар,
Кеудемде тыныш жатпаған.
Күнімен ол да борайды,
Түнімен ол да борайды.
Аш бөрілерше қамайды,
Ақ шәлі болып орайды.
Мезгілдің сырын кім білген,
Бір күнім қымбат бір күннен.
Тыңдамай сол бір боранды,
Сапарға шығып жүрмін мен.
Жеткенше даусым шырқасын,
Жетпесе қармен қымтасын.
Қорқыныш емес қашанда
Бұрқасын үшін бұрқасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері