Иіскеу мен күйістеу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Иіскеу мен күйістеу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1351
Жерде жатқан шылымды
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді де тиіспеді.
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді, бірақ тиіспеді.
Есек те келін иіскеді,
Бірақ ол да тиіспеді...
(А. СӘРСЕКОВ. Мереке. 1976 ж. 36-бет)
Лириканы иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
«Сәбилерді» иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
Сатираны иіскеді,
Бұған да тіктеп тиіспеді.
Әдебиетпен осылай
Әзілдесуі тиіс пе еді?...
(І. ӘМІРБЕКОВ. Тісім кышып барады, 1981 ж. 97-бет)
Көпен кімге тиіспеді? –
Лирикті де иіскеді,
Прозаикті де иіскеді,
Сатирикті де иіскеді
Тілшіні де иіскеді...
Бәрінен де сорақысы –
Дайын аспен күйістеді.
(Асқаржанды көрген кезде,
«Мынау маған тиіс», – деді).
Бір мезет өзіне де
Сын көзбен қарауға
Тиісті еді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері