Бұл не пәле! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бұл не пәле!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1045
Жылаған сайын
Күлдім.
Күлген сайын
Жыладым.
Құлаған сайын
Тұрдым.
Тұрған сайын
Құладым.
Түйілген сайын
Көсілдім.
Киінген сайын
Шешіндім.
Жеткен сайын
Айрылдым.
Өткен сайын
Қайрылдым.
От болған сайын
Өштім де,
Өшірген сайын
От болдым.
Жоқ болған сайын
Бар болдым.
Бар болған сайын
Жоқ болдым.
Бұл не пәле?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері