Базарға барғым келмейді – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Базарға барғым келмейді» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1283
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі,
Менің базарға
Барғым келмейді.
Базардан не көрем! –
Қазақты көрем,
Қазақты көріп
Азапты көрем;
Дорба сүйреткендер де
Қазағым,
Арба сүйреткендер де
Қазағым,
Құлап жатқандар да
Қазағым,
Жылап жатқандар да
Қазағым,
Сұрап жатқандар да
Қазағым...
Қазағым,
Қазағым,
Қазағым, –
Азабым!
Шолпан, қинама! –
Сен, сенбе,
Сен мейлі, –
Менің базарға
Барғым келмейді.
Қазақтың азабын
Көргім келмейді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері