Қалың ұйқы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қалың ұйқы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1278
Сонау-сонау
Өткен ғасырдың басында
Міржақып Дулатов
“Оян, Қазақ” деді.
Оянбады.
Ұйқы тәтті екен.
Ұйқыға тоя алмады.
Қайран қазақ
Әлі күн —
Ұйқыға! –
Тоя алар емес.
Құлағының түбінен
Бомба жарып,
Зеңбірек атсаң да
Оянар емес!
Қалың ұйқы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері