Ұлы мәртебелі өтірік

Бұл бетте «Ұлы мәртебелі өтірік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 622
Дәл қазір
Жоғарыда жүргендер де,
Төменде жүргендер де
Газет беттерінен,
Теледидардан
Жұздері бүлк етпей
Өтірікті
Соға береді.
Олар бүгінде
Ұлы мәртебелі Өтірікті
Мәңгілік ұлық,
Мәңгілік Дара көреді.
Өтірік дегенің
Сүйекке түскен
Құрт аурудай
Бүкіл Қазақстанды
Кеміруде.
Сол бір құрттар
Өтіріктен ісініп,
Өтірікпен семіруде.
Оранған
Үлде мен бүлдеге
Дәл қазір
Өтірік дегенің
Ең биік мінбеде.
Бейшара Шындығың
Қайыршыдай боп
Көше- көшені кезіп
Қаңғып жүр.
Ал өтірігің
Борсықтай толысып
Басымызға
Құзғындай саңғып жүр...
Апыр- ай,
Күн- түн демей
Ұлы мәртебелі
Өтірікті мақтап—
Әлемді жаңғыртып! –
Жар саламыз.
Күн- түн демей
Ұлы мәртебелі
Өтірікті жақтап—
Әлемді жаңғыртып!—
Қол соғамыз.
Біз енді
Бұдан былай
Қандай бір шындықты да
Өтірік көретіндейміз.
Біз енді
Бұдан былай
Шынымен өлсек те
Өтірік өлетіндейміз...
Құдай ақырын берсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы мәртебелі өтірік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұлы мәртебелі өтірік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы мәртебелі өтірік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы мәртебелі өтірік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері